14 наурыз 2017 12:16

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Есеп комитетінің төрағасы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков есеп комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков есеп комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын", - делінген хабарламада.

Осыған дейін Қарағанды облысының әкімі болып Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің басшысы қызметін атқарған Ерлан Қошановтың тағайындалғаны хабарланған еді.

Өңірдің жаңа әкімін Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәслихат сессиясында таныстырды.

Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков 1961 жылы 21 желтоқсанда Қостанай облысы Арқалық қаласында дүниеге келген. 1984 жылы Мәскеу тау-кен институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша тәмамдады. Техника ғылымының кандидаты. Еңбек жолын 1984 жылы Шилісай фосфорит кенішінің шебері, кейін тау-кен цехының бастығы болып бастаған. 1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметке араласты, Ақтөбе, Атырау облыстарының әкімдіктерінде бірқатар басшылық қызметтерге тағайындалған. 2010-2011 жылдары ҚР Индустрия және сауда вице-министрі болып жұмыс істеген. 2011-2012 жылдары Ақтөбе қаласының әкімі, 2012-2014 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары болған. 2014 жылдың маусымынан бастап бүгінге дейін Қарағанды облысының әкімі болған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети