19 мамыр 2016 10:36

Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Қазыбек би аудандық сотының судьясы Жұмағұл Шүженов сотталушының өтінішін қанағаттандырып, өз шешімін жария етті. "Әбдішев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылсын, 1 жыл 4 ай 4 күнге пробациялық бақылау орнатылсын", - деді судья. 

Еске салайық, Бауыржан Әбдішев 2015 жылдың 11 желтоқсанында ҚР Қылмыстық кодексінің 365-бабының 3-бөлігі ("Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау"), ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 3-бөлігі "Қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану" және ҚР Қылмыстық кодексінің 364-бабының 3-бөлігі "Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу" баптары бойынша экономикалық қылмыс жасағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Алайда облыстық соттың апелляциялық алқасы 14 наурызда жазаны жеңілдетті, оның мерзімі үш жылға қысқарған еді. Сотталған Әбдішев түзету мекемесінде 1 жыл 7 ай 25 күн болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети