27 сәуір 2017 17:20

Қарағандыда автобуста жарақаттанған әйелдің емін автопарк пен жүргізуші өтейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Автобуста жарақаттанған қарағандылық әйелдің емін автопарк пен жүргізуші өтейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің жолаушылар көлігі секторының жетекшісі Ескендір Қабидоллаға сілтеме жасап.


Автобуста жарақаттанған қарағандылық әйелдің емін автопарк пен жүргізуші өтейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің жолаушылар көлігі секторының жетекшісі Ескендір Қабидоллаға сілтеме жасап.

Қазір әйелдің жағдайы тәуір. Оқиғадан кейін ол дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Әйелге алғашқы көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылған. Бүгін әйел ауруханадан шықты, ал оның еміне кеткен қаржыны автопарк пен жүргізуші өтейді. 

"Оқиғаның мән-жайын білдік. Оқиға 20 сәуірде болған екен. Әйел ешқайда шағымданбаған, сондықтан бұдан бейхабар болдық. №7 автобус "Арман" автопаркіне тиесілі. Автопарк басшылығының мәліметі бойынша, жүргізуші болған жайтты жасырып, 23 сәуірде жұмыстан шығып кеткен. Еңбекақым аз деген сылтау айтқан", - дейді шенеунік.

Ескендір Қабидолланың айтуынша, оқиға туралы БАҚ жазғаннан кейін автопарк басшылығы қызметтік тергеу жүргізіп, зардап шеккен әйелді іздеп тапқан. Оған денсаулығын түзеу мен дәрі-дәрмекке кеткен шығынын өтеу үшін материалдық көмек көрсетіледі. Қабидолланың сөзінше, зардап шеккен әйелдің өзі жүргізушіге шағымынан бас тартып, оқиғаның ары қарай жариялануын қаламайтынын айтады. 

Еске салайық, мұның алдында Қарағандыда автобусқа отырмақшы болған әйел оңбай жарақаттанған болатын. Оның айтуынша, жүргізуші әйел адамның салонға кіріп үлгермегенін көре тұра жүріп кеткен. Жазатайым оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети