Қарағандыдағы төбелес: Ұлтараздықты қоздыру дерегі бойынша тергеу басталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видеодан үзінді видеодан үзінді

Қарағанды қаласындағы "Древний Рим" мейрамханасының аумағында жаппай төбелес фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес жеті күдікті ұсталып, олардың бесеуі қамаққа алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бір күдікті халықаралық іздеуге жарияланды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды қаласындағы "Древний Рим" мейрамханасының аумағында жаппай төбелес фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес жеті күдікті ұсталып, олардың бесеуі қамаққа алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бір күдікті халықаралық іздеуге жарияланды.

"Бұл ретте бұқаралық ақпарат құралдарына жасалған мониторинг осыған дейін облыс прокуратурасы мұндай әрекеттердің құқықтық салдарын түсіндіргеніне қарамастан, оқиғаның шынайы келбетін біржақты сарындағы тұлғалар тарапынан бұрмалау фактілерінің жалғасып отырғанын көрсетіп жатыр. "Вконтакте" әлеуметтік желісінде жоғарыда аталған жанжалға байланысты белгілі бір ұлт өкілдеріне қатысты зомбылық қолдануға шақырушы пікірлер анықталды", - делінген хабарламада. 

Бұл дерек бойынша 2019 жылғы 5 қаңтарда Қарағанды облысының полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қарағанды облысының прокуратурасы бұқаралық ақпарат құралдарында осы тектес жарияланымдарға жол берілмеуі тиістігін қайталап ескертеді және азаматтарды арандатушылыққа бой бермеуге шақырады.

Қарағандыда төбелес: Дәрігерлер ауруханада жатқан жігіттің жағдайы туралы айтты

Еске салайық, мұның алдында Қарағандыда жаңажылдық түнде мейрамханада болған төбелестен ер адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Өңірдегі полиция өкілдерінің мәліметінше, 1 қаңтарда қаладағы мейрамханалардың бірінде зорлық белгілері бар 23 жастағы жігіттің денесі табылған. Осы уақытта әр түрлі дене жарақатын алған үш жігіт (24-27 жас аралығындағы жігіттер) медициналық мекеменің көмегіне жүгінген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro