07 ақпан 2017 15:18

Қарағандылық психолог колледж студентін "өлім ойынынан" құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахтинск колледжінің психологы өзінде оқитын қызды "Синий кит" ойынынан құтқарып қалған. Кәсіби маман технологиялық колледждің "өлім ойынының" қақпанына түскен қызды құтқарып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


Шахтинск колледжінің психологы өзінде оқитын қызды "Синий кит" ойынынан құтқарып қалған. Кәсіби маман технологиялық колледждің "өлім ойынының" қақпанына түскен қызды құтқарып қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Кәмелет жасына толмаған қыз бала әуесқойлығынан суицидті насихаттайтын "Синий кит" тобына тіркелген. Осыдан кейін ол бірнеше тапсырманы орындаған, виртуал сұхбаттасушы оны қорқытып, тапсырмаларды орындамаса, ата-анасын өлтіретінін айтқан. Оқушы қыз колледждің штаттағы психологының көмегіне жүгінген. 

"Бұл сенім акті, мен осы оқушының осындай шешімге барғанына өте қуаныштымын, - дейді колледждің психологы Диана Домбровская. - Бізде 470 адам оқиды, бұл бірінші рет болып отыр. Оқушы қыз ата-анасын қатты жақсы көреді, ол бірінші келгендегі айтқан сөзі. Осыдан кейін ол жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін "Синий кит" ойыны туралы айта бастады. Өзін қорқытып, хабарлама қалдырып жүргені туралы айтты. Біз оның қорқынышы туралы сөйлестік, арт-терапия көмегіне жүгіндік, көбірек сөйлестік. Содан кейін оның ата-анасымен сөйлесіп, оларға кеңес бердік. Қазіргі уақытта қыз Интернетте топ ашып, өзінің құрдастарына осындай жағдайға тап болғанда не істеу керектігін жазып отырады. Оның жақтастары көп", - дейді маман.  

Мұның алдында ҚР Ішкі істер министрлігі Желіде тарап жаүрген "өлім ойындарына" қарсы жүргізіліп жатқан шаралар жайында айтып берген болатын. 

Жамбыл облысында 8 сынып оқушысы "Синий кит" деген өлім ойынының тапсырмаларын орындап жүргені де анықталды.

Еске салайық, "Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы" республикалық қоғамдық ұйымы азаматтарды балаларын өлімге апаратын "Синий кит" (Тихий дом") деп аталатын ойынынан қауіпсіздендіруге шақырды. 

Ассоциация мамандары осы ойынның әлеуметтік желіде егжей-тегжейлі қалай ойналатыны шыққаннан кейін ескертеді. ВКонтакте желісінде "Синий кит" және "Тихий дом" топтарында балалар мен жасөспірімдерді осылай аталатын ойынға шақырады екен. Қолданушылардың айтуынша, ойынға кірген балалар 50 тапсырма орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Финалдық тапсырма міндетті түрде орындалуы керек, әйтпесе ұйымдастырушылар баланың туыстарын өлтіреміз деп қорқытады екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети