21 мамыр 2014 19:14

Қаржылық рақымшылық экономикаға 10-12 млрд доллар әкелетіні болжанады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тengrinews.kz Фото ©Тengrinews.kz

Үшінші рет өткізілгелі отырған мүлік пен қаржыны жария ету акциясы барысында ел экономикасына 10-12 млрд доллар шамасында қаржы түсетіні болжанады. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаевқа сілтеме жасап хабарлайды.


Үшінші рет өткізілгелі отырған мүлік пен қаржыны жария ету акциясы барысында ел экономикасына 10-12 млрд доллар шамасында қаржы түсетіні болжанады. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаевқа сілтеме жасап хабарлайды.

Парламент Мәжілісінде өткен заң жобасының таныстырылымында халық қалаулылары вице-министрге бірқатар сауалдар қойған болатын. Оған жауап барысында министрлік өкілі мүлік пен қаражатты жария етуге бағытталған рақымшылықтың тиімділігі баршылық екенін алға тартты.

Депутаттар арасында  мәселе көтерген Розақұл Халмұрадов: "Салықтан жалтарып, шетелге шығып кеткен қаражатты елге қайтарып, мемлекет экономикасына жұмыс істесін деп Президент тапсырған еді. Біз жасап жатқан рақымшылықтың негізгі мақсаты не? Заңсыз құрылыс салып, мүлік жинағандардың дүниесін құжатпен рәсімдеп беру ме немесе сыртқа кеткен көлеңкелі экономикадағы ақшаны ел игілігіне жұмыс істету ме?" - деді.

"Кейінгі 14 жыл ішінде үшінші мәрте рақымшылық шарасы жасалғалы отыр. 2001, 2007 жылдары жүзеге асқан рақымшылықтың  мақсаты көлеңкелі экономиканы жою болатын. Солай болғанымен, "көлеңке" азайып жатқан жоқ, жыл сайын үлесі артып келеді. Сарапшылардың сөзінше, олардың үлесі 50 пайызды құрайды. Бұл жолғы рақымшылық осыны жоюға мүмкіндік бере ме?", - деді Розақұл Халмұрадов.

Өз кезегінде қаржы министрінің орынбасары Ардақ Теңгебаев  заңның басты мақсаты ел азаматтарының сыртқа шығарған қаражатын отандық экономикаға тарту екенін жеткізді. "Бұрынғы рақымшылық жасау тәжірибесімен қоса тағы бір шараны қолға алдық. Ол жылжымайтын мүлікті жария ету. Жалпы көлеңкелі бизнеске қатысты пікір алуан түрлі. Сіз айтқан сарапшылар оның үлесі 50 пайыз десе, біздің деректе ол 19,5 пайыз деп көрсетілген. Осыны реттеп, көлеңкедегі қаражатты таза экономикаға салсақ дейміз. Бұл заң жобасы осы мақсатта жасалды", - деп тарқатты вице-министр

"2001 жылы тек қаржы үшін қолайлы жағдай туғыздық. Ол кезде 480 млн доллар экономикаға салынған еді. 2006-2007 жылы акция кезінде 5 млрд долларға жуық мүлік жария болып, экономикаға 60 млрд теңге салынды. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, әр елде бірнеше рет жасалған акциялар баршылық. Мысалы, бұл шара АҚШ-тың 40 штатында 62 рет  жасалған", - деді ол.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, үшінші мәрте жасалып отырған рақымшылық барысында 2 трлн теңге шамасындағы ақша экономикаға енетіні болжанған. Бұл шамамен 10-12 млрд доллар көлемінде болмақ. 

Айта кетейік, мүлік пен қаражатты рақымшылық арқылы заңдастыру 2014 жылдың 1 қыркүйегі мен 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізіледі деп күтілуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети