28 қыркүйек 2016 18:17

Қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен троллейбус жүргізушісі жұмысынан қуылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен троллейбус жүргізушісі жұмысынан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Green bus company" ЖШС" директоры Бауыржан Құлышевқа сілтеме жасап.


Алматыда қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен троллейбус жүргізушісі жұмысынан қуылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Green bus company" ЖШС" директоры Бауыржан Құлышевқа сілтеме жасап.

Еске салайық, оқиға алматылық 12-ші бағытта жүретін троллейбус жүргізушісінің басынан өтті. Оқиғаны куәгерлердің бірі ұялы телефонына түсіріп алған. Әйел адам троллейбусты басқара отырып, қарсы жолды жауып тастаған, ал жүргізушілердің наразылығына ол былапыт сөзбен жауап қайтарған. Ол өзін жүргізбей тұрған Toyota 4Runner көлігінің жүргізушісіне айғайлап берді. Ал кейін жүргізуші әйел өз әрекетін жолдағы кептеліске байланысты кешіккенімен түсіндіріп, ақталған еді.

"Кеше жұмыстан шығарылды. Оның осыған дейін де қозғалыс кестесін бұзғанына байланысты ескертуі болған. Бірақ кешегі оқиғасы шектен шыққандық болды", - деді Бауыржан Құлышев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети