05 ақпан 2014 17:11

Қашқын олигархтар мүлкі үкімсіз тәркіленуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. ©Тengrinews.kz Иллюстрация. ©Тengrinews.kz

Елден қашып кеткен олигархтардың тұтқындалған мүлкінің құны триллиондап саналады, келешекте олар сот үкімінсіз тәркіленуі мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркельге сілтеме жасап. "Бұл - өте көп сома, олардың құны теңгемен триллондап саналады", - деді Меркель Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына қайтарған жауабында. Әңгіме шетелде еліміздің заң органдарынан жасырынып жүрген Мұхтар Әблязов, Рахат Әлиев сияқты бай азаматтардың мүлкі жайында. Иоган Меркель нақты статистиканы білмегенімен жекелеген деректер бойынша шамалай алатынын айтты. Жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі нормалары жөнінде әңгімелеген ол қашып жүрген олигархтардың мүлкін сот үкімінсіз тәркілеу ұсынылып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, мемлекет олардың тұтқындалған мүліктерін күзетуге қыруар қаржы жұмсайды. "Мемлекет қаржысы есебінен біз бұл ғимараттарды күзетеміз, күтіп ұстаймыз, жылытамыз", - деді ол Парламент Мәжілісі Қылмыстық іс жүргізу кодексі жобасын бірінші оқылымда мақұлдағаннан кейін. "Ақ жол" фракциясының жетекшісі Азат Перуашев мүлікті сот үкімінсіз тәркілеу туралы нормаға қатысты күмәнін білдірді. "Үкім шығарылғанға дейін мүлікті тәркілеу туралы ұсыныста қарама-қайшылықтар бар, біз мүлікті тәркілейміз, бұл тұлғаны айыпты деп тануға дейін болатын жаза түрі делік. Сонда бұл өзін-өзі ақтайтын әрі дұрыс жайт па? Бұл норма Мемлекет басшысының мүлік құқығын қорғау туралы тапсырмаларына сай келе ме, соны келісіп алу керек", - дейді Азат Перуашев. Ал Иоган Меркельдің айтуынша, депутаттар жағдайды әлі толық бажайлап көрген жоқ. "Жалпы, мүлікті сот үкімінсіз тәркілеу институты кең қолданылмайды. Мұндай тәркілеу тек қана Қазақстан аумағынан шығып кеткен және біз экстрадициялай алмай жүрген тұлғаларға қатысты болады", - деді Бас прокурордың бірінші орынбасары. Меркель мүлікті сот үкімінсіз тәркілеу Қазақстан ратификациялаған БҰҰ-ның Жемқорлыққа қарсы конвенциясының 54-бабында қарастырылғанын атап өтті. Бұл норма 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, ол кезде елімізде жалпыға ортақ декларациялау ісі енгізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети