Куәгерлер Каспий теңізі жағалауындағы судың түсі өзгеріп жатқанын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAktau.kz сайтына сілтеме жасап.
Куәгерлер Каспий теңізі жағалауындағы судың түсі өзгеріп жатқанын видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inAktau.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Приморский тұрғын алабындағы судың түсі өзгеріп, лас қоңыр түске айналған. Видео 11 қазанда Instagram желісіндегі @podslushano_aktau-парақшасында жарияланған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Табиғат құбылысына Маңғыстау облысының Экология департаменті пікір білдірді. Облыстың бас экологы Руслан Төкеновтің айтуынша, оқиға орнына мамандар жіберілген. Оның айтуынша, судың түсінің өзгеруіне жыл сайынғы құбылыс – қоңыр балдырдың жағаға шығуы әсер еткен.
Алайда кейінірек журналист Кирилл Павловтың Telegram-арнасында оқиға орнынан тағы бір видео пайда болды, онда Каспий теңізіне су төгетін арнадан қоңыр су құйылып жатқаны көрсетілген.
Руслан Төкенов 11 қазанда экологтар "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС каналынан су ағып жатқанын анықтағанын айтып, жауап берді.
"Су сынамаларын алдық, бүгін сынақтар жасаймыз және нәтижесі бойынша тиісті шараларды қабылдаймыз", - деп қысқаша түсіндірді ол.
Облыстық Экология департаментінің басшысы басқарма мамандары тексеру қорытындысын алғаннан кейін видеоға қатысты қосымша түсініктеме беруге уәде берді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!