05 қазан 2023 12:03

"Қастерлі міндет". Тоқаев ұстаздарды құттықтады

@aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық педагогтер съезіндегі баяндамасы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық педагогтер съезіндегі баяндамасы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Баршаңызды Республикалық педагогтер съезінің ашылуымен құттықтаймын. Ұстаздар күні құтты болсын!

Бүгін, шын мәнінде, өте маңызды жиын. Себебі ұстаз – ең алдымен, қадірлі маман. Ал, ұстаз болу – қастерлі міндет. Бүгінде еліміздің болашағы жарқын болып, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер қауымы аянбай еңбек етіп жүр.

Жалпы, кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты. Ахмет Байтұрсынұлы "Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек" деген. Ұлт ұстазының бұл сөзі қашанда орынды. Білім мен ғылым – табысқа жетудің ең басты кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру – өте маңызды міндет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram