25 қыркүйек 2017 13:30

Қасымов бизнесмен-сотталушылар жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © РИА Новости Көрнекі сурет. © РИА Новости

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов журналистерге жеке кәсіпкер болып жұмыс істейтін сотталушылар жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов журналистерге жеке кәсіпкер болып жұмыс істейтін сотталушылар жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз жеке кәсіпкерлерге жұмыс істеуге рұқсат береміз. Өздерінің өндіріс орнын ашқан 19 сотталушы бар. Олар түрлі құрал-саймандар, естелік сыйлықтар шығарумен айналысады. Ал 34 сотталушы - жеке кәсіпкерлер, колонияда өздерінің өндірісімен айналысып, жұмысқа шамамен тағы 200 сотталушыны алды. Олардың шығарып жатқан өнімдерін көрдік. Осы жұмыстарын әрі қарай жалғастыра береді деп сенеміз", - деді Қалмұханбет Қасымов Мәжілістегі үкімет сағаты барысында.

Сондай-ақ, ол түрмедегі кәсіпкерлердің аяққиім тігумен, ауыл шаруашылығы өнімдерін, тіпті макарон өнімдерін шығарумен айналысатынын айтып өтті. Айтуынша, олардың жалақысы 30-65 мың теңге шамасында.

"Біз оларға рұқсат бердік. Цехтерді бердік, өздері ұйымдастырып жатыр", - деді министр.

Сонымен қатар, министр электронды білезіктерді енгізуге шамамен қанша қаражат керек екенін айтып өтті. Қасымовтың айтуынша, мұндай білезіктерді пайдалануға беруге жыл сайын 34 мың теңге шамасында ақша төлеу керек болады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қалмұханбет Қасымов 2018 жылы 6 мыңға жуық адамның электронды білезік тағатынын айтқан болатын. "Пробациялық бақылауда жүрген адамдарды электронды түрде бақылау. Бұл жерде электронды білезіктерді енгізу туралы айтылып отыр. Жыл сайын 6 мыңға жуық осы білезіктермен бақылауда жүретін болады", - деген еді Қасымов Мәжілістегі үкімет сағаты барысында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети