20 маусым 2014 11:15

КazEOSat-2 қазақстандық спутнигі Ресей базасынан ұшырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kazcosmos.gov.kz сайтынан алынды Фото kazcosmos.gov.kz сайтынан алынды

КazEOSat-2 Жерді қашықтықтан зондтаудың (ЖҚЗ) екінші қазақстандық спутнигі Орынбор облысындағы (Ресей) "Ясный" ұшыру базасынан 2014 жылғы 20 маусымда Астана уақытымен сағат 01:11-де ұшырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


КazEOSat-2 Жерді қашықтықтан зондтаудың (ЖҚЗ) екінші қазақстандық спутнигі Орынбор облысындағы (Ресей) "Ясный" ұшыру базасынан 2014 жылғы 20 маусымда Астана уақытымен сағат 01:11-де ұшырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

КazEOSat-2 (Kazakhstan Earth Observation Satellite – Жерді бақылайтын қазақстандық спутник) Қазғарыштың тапсырысы бойынша ірі француз Airbus Defence and Space концернінің құрамына кіретін Британияның Surrey Satellite Technology Limited (SSTL) компаниясы жасаған Жерді орташа кеңістіктен қабілеті 6,5 метр болатын бес мультиспектралды каналдардан бақылауға мүмкіндік беретін ғарыш аппараты.

КazEOSat-2 спутнигінің ұшырылымы РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыранының негізінде құрылған "Днепр"зымыран-тасығышымен жүзеге асырылған болатын.

КazEOSat-2 спутнигі ЖҚЗ қызметтерінің толық спектрлерін ұсынуға, Қазақстан Республикасының аумағында түсірілімдер алуға, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алуға, жер кадастрын жүргізуге, еліміздің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін картографиялау, Жердің басқа да учаскелерін мониторингілеу мақсатына бағытталған.

Қазақстан Республикасының ЖҚЗ ғарыш жүйесі KazEOSat-2 спутнигін ұшыра отырып, орташа кеңістіктен қабілеті 6,5 метр болатын ғарыш аппаратымен толықтырылды. Қазақстан Республикасының ЖҚЗ ғарыш жүйесінің құрамына екі ғарыш аппараты (30 сәуірде ұшырылған KazEOSat-1 және бүгін ұшырылған KazEOSat-2) мен мәліметтерді қабылдауға, өңдеуге және таратуға арналған жерүсті нысаналы кешені кіреді.

ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың басшылығымен Қазғарыш делегациясы KazEOSat-2 ғарыш аппаратына тапсырыс беруші ретінде ғана емес, сонымен бірге "Днепр" ЗТ ұшыруға толық құқылы қатысушы ретінде қатысқандығын еске саламыз.

Қазғарышқа ведомстволық бағынысты "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ "Космотрас" МКК акцияларының 10%-ының иеленушісі екені белгілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети