09 маусым 2015 14:43

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған балеттің премьерасы Абай атындағы опера және балет театрында өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Театрдың баспасөз қызметі ©Театрдың баспасөз қызметі

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған "Ұлы дала аңыздары" балетінің премьерасы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған "Ұлы дала аңыздары" балетінің премьерасы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таныстыру көрсетілімі 20 және 21 маусымда болады. Балет Евгений Брусиловскийдің, Ғазиза Жұбанованың, Нұрғиса Тілендиевтің, Мыңжасар Мәңгітаевтің, Мансұр Сағатовтың, Тілес Қажығалиевтің және Ермек Серкебаевтің музыкасына құралған.  

Қазақстанның Халық әртісі Гүлжан Түткібаева балетмейстері, ал Ерболат Ахмедьяров дирижері болды. Балетмейстердің айтуынша, спектакльді қоюда балетке дайын музыканың болмауы қиындық келтірді, сондықтан балетті қоюшылар қазақстандық композиторлардың туындыларын біріктіруге мәжбүр болды.

"Қойылым қазақ мемлекеттігіне арналған. Қойылым түгелдей - адам есімдері аталмайтын символика. Оның негізгі идеясы мемлекеттігіміздің халықтардың бірігуінен құрылғандығы жайлы. Көбінесе не біріктіреді - ортақ қайғы, жау шапқанда. Балетте жеке желі де бар, махаббат желісі де бар, біздің жерімізді сақтап отырған дала рухы да бар", - деді Гүлжан Түткібаева.

Спектакльде балеттің жетекші солистері Гүлвира Құрбанова, Айгерім Жұмағұлова, Асель Құмарова, Найлә Кіребаева, Динара Есентаева, Гүлнара Сәрсенова, Айнұр Әбілғазина, Әлия Сапугова, Айман Егісбаева, Фархад Бүрібаев, Нұрлан Қонақбаев, Азамат Асқаров, Рахим Дайыров, Данияр Шманов, Әмір Жексенбек, Әсет Мырзақұл және Рафаэль Оразов қатысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети