05 наурыз 2015 19:45

Қазақстан алдағы Президент сайлауын барынша ашық әрі әділ өткізуге ниетті - Ыдырысов

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР СІМ баспасөз қызметі ©ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан ҚР Президенті сайлауын халықаралық жоғары стандарттарға сай ашық әрі әділ өткізуге тырысады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ДАҚБ/ЕҚЫҰ тұтынуды бағалау жөніндегі миссия мүшесі Ричард Лаппинмен және Радивое Груичпен кездесу барысында мәлімдеді. 

"Қазақстан ішкі заңнамалық нормаларға және жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес, барынша ашық, таза және әділ сайлауды қамтамасыз етуге ниетті және ағымдағы жылғы 26 сәуірге белгіленген президенттік сайлауды бағалау мақсатында Қазақстанға келетін халықаралық бақылаушылармен конструктивті ықпалдастыққа үміт артады", - делінген таратылған хабарламада. 

Кездесу барысында Ыдырысов сұхбаттастарын сыртқы саяси ведомствоның халықаралық бақылаушыларды шақыру және олармен пікір алмасу бойынша жүргізіп жатқан белсенді қызметі туралы хабардар етті. Сондай-ақ, ол ДАҚБ/ЕҚЫҰ-ның өкілдеріне елдегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы айтып берді. Сұхбат соңында ҚР Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ мен басқа халықаралық ұйымдардың осыдан бұрынғы ұсыныстарын ескере отырып, сайлаудың жоғары ұйымдастырушылық деңгейін қамтамасыз ететініне сенім білдірді. 

Еске салайық, ҚР Президенті сайлауы 2015 жылғы 26 сәуірде өтеді. Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес, 26 ақпан күні президентікке үміткерлерді ұсыну басталды. Ол 15 наурызда аяқталады. Үміткерлердің үгіт-насихат науқаны 26 наурыздан 24 сәуір күнгі сағат 00.00-ге дейін созылады. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети