17 қаңтар 2015 16:33

Қазақстан армиясында офицерлік құрамның аттестациясы өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vivv.kz ©vivv.kz

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров офицерлік құрамның аттестациясының қарсаңында алда болатын процедураның мақсаты мен тәртібі және талаптары түсіндірілген жиналыс өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Заңнаманы білу бойынша тестілеумен қатар, офицерлерді аттестациялау бағдарламасына енгізілген жаңалықтар - психологиялық тестілеу, антикоррупциялық заңнаманы білуді тестілеуі, сонымен қатар кәсіби және физикалық дайындық бойынша сынақ", - делінген министрлік хабарламасында. 

Мұнымен қатар, енгізілген жаңалықтың барлығы да аттестацияның әділдігін, жариялығын қамтамасыз етеді және жоғары қызметтерге тағайындау мен оқуға бағыттау үшін офицерлік құрамның тиімді резервін құрылымдауға арналғаны айтылды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, аттестация аясында 4 әскери бөлімде офицерлік құрамды бағалау жүйесінің рейтинг жобасына сынақтар жүргізіледі, ол баллмен есептеледі және жеке қасиеттерінің, мүмкіндіктерінің, қызметтегі ісінің қорытындысы негізінде құрылады. Жоба қарулы күштердің кадрлық есептің автоматтандырылған жүйесінде жасалған. Талғат Мұхтаров әр офицердің мансабындағы өсуі мен жалпы қарулы күштердің дамуы аттестация сапасына байланысты болатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети