16 маусым 2014 | 13:14

Қазақстан азаматтарына туристік куәліктер берілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©forbes.kz ©forbes.kz

Бүгін Парламент Мәжілісінде отандық туризм саласын дамыту мәселесі бойынша баяндама жасаған Премьер-министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев кәсіподақтардың жұмысшыларға беретін демалыс жолдамаларының жаңа үлгісін ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Парламент Мәжілісінде отандық туризм саласын дамыту мәселесі бойынша баяндама жасаған Премьер-министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев кәсіподақтардың жұмысшыларға беретін демалыс жолдамаларының жаңа үлгісін ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі. 

"Кеңестер кезінде кәсіподақ жолдамалары болатын. Қазір біз осының негізінде туристік куәліктерді енгізуді көздеп отырмыз. Оған сәйкес, демалыс ақысының басым бөлігін жұмыс беруші өтейді. Қазақстан азаматтары болса, 20-30 пайызын, ары кетсе, 50 пайызын төлейді. Соның арқасында біз жұмысшыларды сауықтыру шараларын күшейтіп қана қоймай, ішкі туризмді де жан-жақты дамыта аламыз", - дейді Ә.Исекешев. 

Министрдің сөзіне қарағанда, аталған ұсыныс Қазақстанның туристік саласын дамыту тұжырымдамасында көрініс тапқан. Оның ішінде шетелден келетін туристер үшін визалық режимді жеңілдету шаралары да бар. 2020 жылға дейін ел Үкіметі отандық туризмге 2 миллиард АҚШ доллары көлемінде жеке меншік инвестиция тартылады деп отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети