14 сәуір 2014 14:02

Қазақстан Бахрейнмен арада тауар айналымын жақсартуға мүдделі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото pressclub.kz сайтынан Фото pressclub.kz сайтынан

Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бахрейн Королі Хамад бен Иса әл-Халифамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.


Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бахрейн Королі Хамад бен Иса әл-Халифамен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.

Мемлекет басшысы алдымен Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген шейхке өз алғысын білдірді. "Сіздің осындай үлкен делегациямен (200-ге жуық адам - авт.) келуіңіз ізгі ниетіңіздің бар екендігін көрсетсе керек. Бүгін біз біраз мәселелерді талқылап шықты. Негізі, Бахрейн біз үшін Парсы шығанағындағы маңызды әріптестердің бірі. Сондықтан Қазақстан осы мемлекетпен тығыз байланыстарды дамытуға мүдделі", - дейді Н.Назарбаев. Президент атап көрсеткендей, бүгінде екі ел арасындағы тауар айналымы 1,5 миллион долларды құрап отыр. Бұл - мардымсыз көрсеткіш. "Сіздің сапарыңыз екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынастарына оң әсер етеді деген сенім бар", - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Бахрейн Королі Хамад бен Иса әл-Халифа өз кезегінде қазақтың қонақжайлығы үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Бахрейннің барлық саладағы қарым-қатынастары жаңа серпінмен дамитынына сенім білдірді. "Шағын кездесуімізде атап өткеніміздей, біз екі ел арасындағы қарым-қатынастарды тығыз дамытуға мүдделіміз. Екіжақты қарым-қатынастарды дамыту - біздің ортақ міндетіміз әрі мақсатымыз болып саналады. Көптеген салалар бойынша, атап айтқанда, дипломатиялық, азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру, ивестициялар салаларында мемлекеттеріміз арасында өзара түсіністік меморандумына қол қойылды", - деді Бахрейн Королі.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети