18 мамыр 2023 | 12:51

Қазақстан бетон жол салудан бас тарту туралы шешім қабылдады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазақстан бетон жол салудан бас тарту туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шенеуніктердің неге мұндай шешім қабылдағаны туралы kolesa.kz порталына берген сұхбатында ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин айтып берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Спикердің айтуынша, бетон төсемді күтіп ұстау, асфальт жолды күтіп ұстаудан гөрі қымбатырақ.

"Біз әзірге бетон пайдаланудан бас тарту туралы шешім қабылдадық. Себебі, оны пайдалану кезінде белгілі бір қиындықтар анықталды. Егер асфальтта ақау пайда болса, оны тез арада жоюға болады, ал бетонмен жағдай басқаша. Иә, бетон төзімдірек. Оңтүстік аймақтарға ыңғайлы, бірақ еліміздің солтүстігінде көптеген қиындықтар туғызады. Ең бастысы, қыста мұзбен күресу. Оған қоса, бетон жолдарды күтіп ұстау қымбатырақ. Бұған бөлінген қаржы жұмыстың құнын өтемейді. Сондықтан біз қазір бұл мәселені зерттеп жатырмыз, мүмкін, мұндай жолдардың құрылысына кейінірек қайтатын шығармыз", - деді басқарма төрағасы.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram