04 ақпан 2015 12:27

Қазақстан ЕАЭО шеңберінде автокөліктердің бірыңғай бағасын қалыптастыруға тырысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©bigpicture.ru ©bigpicture.ru

Қазақстан ЕАЭО шеңберінде автокөліктердің бірыңғай бағасын қалыптастыруға тырысатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан ЕАЭО шеңберінде автокөліктердің бірыңғай бағасын қалыптастыруға тырысатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Рау Парламент Мәжілісі отырысының үзілісінде қазіргі уақытта Қазақстанға автокөліктерді тек ресми дилерлер арқылы ғана жеткізу мәселесі қаралып жатқанын айтты. "Ресейдегі әріптестерімізбен бірге бұл мәселені талқыладық. Мәскеуде кейбір даулы жайттар туралы келіссөздер жүргізілген кезде автокөлік өнеркәсібі бойынша да мәселелер қаралды", - деді Рау.

Вице-министр журналистерге ЕАЭО шеңберінде автокөліктердің бірыңғай бағасын қалыптастыру туралы ұсыныс жөнінде де түсінік берді. "Егер көлік жеткізу дилерлер арқылы іске асырылатын болса, бұған қол жеткіземіз", - деді Рау.

Бұған дейін Ресейден Қазақстанға автокөліктерді әкелуге тыйым енгізілуі мүмкін екені туралы мәселенің жуық арада талқыланатыны хабарланған еді. Бұл туралы "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев мәлімдеді. "6 ақпаннан бастап үкіметаралық кеңестер, Қазақстан - Ресей екіжақты кездесулері болады. Бұл мәселені Қазақстан тарапы көтереді. Әзірше нәтижелерді күтіп отырмыз", - деді Ошақбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети