17 наурыз 2014 19:00

Қазақстан елшілігі Үндістандағы науқас балаға көмектесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Науқас Тимофей Веревкин анасымен және дәрігерімен. Әлеуметтік желідегі фотосуреті Науқас Тимофей Веревкин анасымен және дәрігерімен. Әлеуметтік желідегі фотосуреті

Қазақстанның Үндістандағы елшілігі өскемендік 14 жастағы жасөспірімнің ауруханағы қарызын төлеуге көмектеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодардағы қайырымдылық қорының өкілі Лариса Андрееваға сілтеме жасап. "Бүгін біз Тимофейдің анасымен сөйлестік, ол кеше ауруханаға Қазақстанның Үндістандағы елшілігінің консулы Константин Чи келгенін айтты. Отбасының ауыр жағдайын білгеннен кейін ол көмек көрсетуге уәде берді. Тимофейдің емделу ақысының қарыз бөлігін төлеу үшін қазақстандық компаниямен келісетінін айтты. Демеушінің қаржысы ауруханаға түскен бойда оны шығарады", - дейді Андреева. Баланың анасы Виктория Казачкова әлеуметтік желілерде өз өтінішіне үн қатқан барлық адамға алғысын айтып, ризашылық білдірді. "Бүгін бізге Үндістандағы жерлестеріміз келді, олар 24 мың рупий, яғни 24 мың теңгеге жуық материалдық көмек берді. Қырғызстан мен Ресей тұрғындары да көмектесті. Біз бәріне өте ризамыз, біздің басымыздағы жағдайды түсініп, бейжай қалмаған адамдардың барына қуаныштымыз", - деді Казачкова. Анасының сөзіне қарағанда, ауруханадан шыққан соң Тимофейді амбулаториялық емдеуге ауыстырады, ол әлдеқайда арзан. Отбасы виза мерзімін маусым айына дейін созған. Бұған дейін Үндістан дәрігерлерінің 14 жастағы қазақстандықты Гургаон қаласындағы Fortis госпиталінен шығарудан бас тартып отырғаны хабарланған болатын. Бала апластикалық анемиямен және ювенилді остеопорозбен ауырады. Химиямен емдеуден баланың ауруы асқынып кеткендіктен ол жансақтау бөліміне ауыстырылды. 15 күн ішінде науқастың емдеуге қарызы 12 мың долларға жетті. Ауруханадағы әр күн үшін Тимофейдің анасы 750 доллар төлеуге мәжбүр болған. Қарызға белшеден батқан әйел әлеуметтік желіде қайырымды азаматтардан көмек сұраған еді. Еске салайық, 14 жастағы бала ең алғаш 2012 жылдың ақпан айында ауырған. Алматы дәрігерлері балаға дұрыс диагноз қоймай, қолданылған ем еш нәтиже бермеді. Кейін жеткіншек Астанадағы ана мен бала орталығына ауыстырылды, бірақ мұнда да дәрігерлер баланың бетін бері қарата алмады. Содан кейін анасы қаражат жинап, баласын Үндістанға алып кетті. Үнді дәрігерлері баланы аяғынан тұрғызған, емдеуді сәтті жалғастыратын болса, оған жұлын ауыстыру операциясының қажет болмай қалуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети