02 сәуір 2014 12:12

"Қазақстан ғарыш сапарының" бұрынғы басшысы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото gharysh.kz сайтынан Фото gharysh.kz сайтынан

Бүгін Астана қаласының мамандырылған ауданаралық соты "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясы" АҚ бұрынғы басшысы Ғабдуллатиф Мырзақұловтың қылмыстық ісі бойынша үкім шығарды. Парақор 12 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін Астана қаласының мамандырылған ауданаралық соты "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясы" АҚ бұрынғы басшысы Ғабдуллатиф Мырзақұловтың қылмыстық ісі бойынша үкім шығарды. Парақор 12 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғ.Мырзақұлов өткен жылы тамыз айында қамауға алынған болатын. Сол кезде ол ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешені құрылысы бойынша тендерде жеңгені үшін 12 миллиард теңге, сондай-ақ бас мердігердің өзінен 210 миллион теңге көлемінде пара талап еткені үшін айыпталды. Сол ақшамен өз пәтерінде де ұсталды. Бұдан бөлек, "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы 2012-2013 жылдары аралығында пара алып, 90 миллион теңге көлеміндегі қыруар қаражатты жылжымайтын мүлікті сатып алу арқылы заңдастырған. Оның барлығын ол туған-туыстардың атына рәсімдеген. Сот материалдары сәйкес, Мырзақұлов жақын адамдары арқылы 77,1 миллион теңгеге Астанада бір элиталық коттедж бен екі пәтер салдыртқан. Сосын 90 мың долларға Алматы облысында 342 гектарды құрайтын 7 жер телімін сатып алған.

Астананың соты "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясы" АҚ бұрынғы басшысы Ғабдуллатиф Мырзақұловты 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарып, оны қатаң режимдегі колонияда өтеуге кесті. Мырзақұлов болса, сотта өзі кінәсін мойындаған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети