28 қаңтар 2014 17:21

Қазақстан халқының 82 пайызы электронды саудадан хабарсыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kaz.tengrinews.kz иллюстрациясы ©kaz.tengrinews.kz иллюстрациясы

Қазақстан халқының 82 пайызы электронды сауданың қалай өрбитінінен хабарсыз. Ал әлем бойынша бүгінде электронды сауда жасайтын азаматтардың саны 8 миллионға жеткен, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Халықаралық сарапшылар 2014-2015 жылдары бұл көрсеткіш 12 миллионнан асып жығылатынын алға тартады. Осылайша электронды коммерцияның даму шыңы 2015 жылға қарай тіптен қарқын алатын көрінеді. Сарапшылар "осы жылдар аралығында әлем халқының үштен бірінде электронды дүкендер, карточкалар, қажет десеңіз, электронды құнды қағаздар болады" деседі. Отандық экономист-сарапшы Мейрам Қабдрахманұлының айтуынша, бүгінде электронды сауда мәселесін сауатты меңгеріп отырған елдің бірі Қытай елі. Қытай халқының қазірде 67 пайызы осы электронды дүкендердің қызметіне жүгінеді. Бізге қазақ елінде тек кәсіпкерлікпен айналысып жүргендердің ғана электронды дүкендері бар екені мәлім. Электронды дүкендерді пайдалануда біздің елдегі көрсеткіш небәрі 8,6 пайызды құрайды. Негізінен мамандар электронды сауда нарығына бойлап ену үшін мынадай жайттарға баса мән беру керектігін алға тартады: а) Қаржылық жағынан тәуелсіз болған жөн; ә) Ақпараттық сауаттылықты меңгеру керек; б) Сондай-ақ интернет кеңістігінен хабардар болған жөн. Міне, осы үш түйткіл шешімін табатын болса, электронды дүкендер ашуға, электронды түрде сауда жасауға, қажетті затыңызға электронды түрде тапсырыс беруге әркімнің құқы бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети