12 желтоқсан 2023 15:55

Қазақстан қалаларындағы коммуналдық ТЖ: Смайлов тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:t.me/KZgovernment Фото:t.me/KZgovernment

Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс ЖЭО мен жылу желілеріндегі штаттан тыс жағдайлардың салдарын жою және олардың орын алу мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс ЖЭО мен жылу желілеріндегі штаттан тыс жағдайлардың салдарын жою және олардың орын алу мәселелері қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қысқы жылыту маусымының өтуі әрбір облыс әкімінің жеке бақылауында болуы керек, деді Үкімет отырысында министрлер кабинетінің басшысы.

"Үкімет басшысы өңір әкімдіктеріне жылу объектілерінің иелерімен бірге тұрақты жұмыс істейтін жөндеу бригадаларының болуын, шұғыл жөндеу жұмыстары қажет болған жағдайда қосалқы бөлшектердің әзір тұруын қамтамасыз етуді тапсырды.

Оған қоса Әлихан Смайылов "Қазақстан темір жолы" және "ҚазМұнайГаз" ұлттық компанияларынан бірінші кезекте жылу станциялары мен қазандықтарға отынның уақытылы жеткізілуін қамтамасыз етуді талап етті", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети