25 сәуір 2014 18:29

Қазақстан мен Индонезия айрықша автошиналар шығарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото pixabay.com сайтынан алынды Фото pixabay.com сайтынан алынды

Қазақстан мен Индонезияның кәсіпкерлері бірігіп өнім шығару мәселелерін қарастыруда. Бұл туралы өз сұхбатында Индонезияның Қазақстандағы Төтенше және уәкілетті елшісі Фостер Гултом мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстан мен Индонезияның кәсіпкерлері бірігіп өнім шығару мәселелерін қарастыруда. Бұл туралы өз сұхбатында Индонезияның Қазақстандағы Төтенше және уәкілетті елшісі Фостер Гултом мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Гултом мырзаның мәлімдеуінше, қазір автокөліктердің шиналарын бірлесіп шығару ісі пысықталуда. "Бұл қазақстандық тұтынушылардың сұранысына орай шығарылатын автошиналар болмақ. Қазақстандағы ауа райының төрт мезгіліне лайық шиналар қажеттілігін ескеріп, Индонезияның компаниялары қазақстандық кәсіпкерлермен бірігіп өнім шығаруды жөн санап отыр", - дейді ол.

Сондай-ақ оның айтуынша, екі елдің бизнес әріптестігінің нәтижесінде энергетикалық байланысты нығайтуға, азық-түлік өнеркәсібін тереңдетуге, дәрі-дәрмек және турзим индустриясын дамытуға мүмкіндік туып отыр.

"Индонезияның азық-түлік шығарушы ірі компанияларының бірі қазақстандық кәсіпкерлермен біріккен кәсіпорын құруға ықылас білдіруде. Әлемде Қазақстан ең ірі астық өндіруші - ел. Осыған орай бірлесіп астық өнімдерін шығару да жоспарда бар", - дейді Фостер Гултом. 

Айта кету керек, елші әзірге келісімдер жүргізіліп жатқандықтан екі ел арасындағы біріккен кәсіпорындардың нақты қай мерзімде құрылып, толыққанды іске кірісетінін ашып айтпады. "Техникалық-экономикалық, есептік, инфрастуктуралық келісімдерді әлі де талқылау керек. Мұндай талқылаулар нәтижелі жетістікке жету үшін қажет", - дейді ол.

Елшінің пікірінше, екі ел арасындағы әріптестік байланыстың нығаюуына мүмкіндік мол. Қазірдің өзінде Қазақстан Индонезиядан пальма майларын, табиғи каучуктерді және өзге де өнімдерді импорттайды. Ал Индонезияға Қазақстанның астық өнімдері аса қажет.

Осыған орай Гултом мырза 2-5 мамыр аралығында Астанада өтетін Азиялық даму банктерінің бас қосуында бірнеше келісімшарттарға қол қоюуына мүмкіндік барын, сол арқылы екі ел арасындағы әріптестікті нығайту  тереңдей түсетінін баса айтып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети