10 сәуір 2014 11:00

Қазақстан мен Қытайға ортақ су торабын салу туралы келісім қабылданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Бүгін ҚР Парламентінің Сенаты Қазақстан мен Қытай арасындағы Қорғас өзенінде "Достық" бірлескен су торабын салудағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Келiсiмге орай, Қазақстан мен Қытай "Қорғас" шекара пунктiнен 24,5 шақырым қашықтағы Қорғас өзенiнде "Достық" бiрлескен ортақ су торабын салуды жүзеге асырады. Бiрлескен су торабы оны 50/50 үлесімен иеленетiн тараптар мемлекеттерiнiң меншiгi болып саналады. Құрылысты қаржыландыруды тараптар бiрлескен су торабы жалпы құнының 50%-ынан бөлiсiп, ынтымақтастықта жүзеге асырады.

Бiрлескен су торабын басқару және пайдалану мәселелерi тараптар арасында жасалатын жеке халықаралық шартпен реттелетiні көзделген. Бұл ретте екі елдің мекемелері автоматтандырылған жүйе арқылы Қорғас өзенінен алынатын су мөлшерін қадағалап отырады. Суды пайдалану бойынша туындаған мәселелерді өзара жедел шешуге тырысады.

"Жалпы, Қорғас өзені бойынша ол аймақтағы елді мекендерді су тасқынынан қорғау мәселесі де өзекті. Осыған байланысты біз Қытай тарапымен арадағы су торабын салынатын нысан да сел басу жағынан қауіпті аумаққа орналасады. Сол үшін біз екі ел бірлесіп селден қорғайтын плотина салуды да талқылап жатырмыз. Мұндай ұсынысты Қытай тарапы да қолдап отыр", - дейді ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети