29 қазан 2014 14:06

Қазақстан мен Ресей теміржолдардың даулы аумақтарын өзгертпеуді ұйғарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан мен Ресей теміржолдардың даулы аумақтарын өзгертпеуді ұйғарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбекке сілтеме жасап.


Қазақстан мен Ресей теміржолдардың даулы аумақтарын өзгертпеуді ұйғарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбекке сілтеме жасап.

Қасымбек бүгінде Қазақстан мен Ресей арасында теміржолдардың үш даулы учаскесі бар екенін айтты. "Солтүстік Қазақстан облысындағы Петропавл станциясы Ресей Оңтүстік Орал теміржолының басқаруында. Тағы сондай екі станция бар: Батыс Қазақстандағы Елек станциясы және Алтайға жақын Локоть станциясы Ресейдің аумағында, бірақ Қазақстан теміржолының басқаруында", - деді ол.

"Кеңес одағы ыдырағаннан кейін технологиялық шекаралар мемлекеттік шекарамен сәйкес келмей қалды", - деді Қасымбек.

Ол Қазақстан мен Ресей үш жыл бойы келіссөздер жүргізіп, ақыры бәрін сол күйінде қалдыру керек деген шешімге келгенін айтты.

"Біз шекара алмастық. Шамамен 500 шақырымды ресейліктер бізге берді, біз оларға даулы 500 шақырымды бердік. Тепе-теңдік шамамен бірдей, тіпті, біздің пайдамызға ондаған шақырым тиді", - деді Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі.

"Егер біз Петропавлды алып қойған жағдайда, Ресей оның Транссібір учаскесі екенін ескеріп, жолды оны айналып өтіп сала алады. Ол - біз үшін көп пайдаланылмайтын учаске. Ол жерден негізінен Транссібір бойынша тасымалданатын ресейлік жүк өтеді. Қайтарып алған жағдайда жүк бізді айналып өтетін болады, біз одан ештеңе ұтпаймыз. Сол сияқты, мысалы, біз Електі Ресей тарапына берсек, Батыс Қазақстанға қатынаудың басқа амалы болмай қалады. Біз Ақтөбеден Оралға тек Елек станциясы арқылы өтеміз. Сондықтан осы жағдайда қала беруді ұйғардық", - деді ол. Қасымбектің айтуынша, келешекте егер Атырауға, Оралға қарай жол салынатын болса, Елек бойынша мәселе бүгінгідей өзекті болмай қалады.

Оның сөзіне қарағанда, Локоть станциясы бойынша жағдай басқаша. "Біз соңғы онжылдықта Шар - Өскемен жолын салып, Өскеменге, Защитаға, қазір Семейге Локотьті айналып өтетін болдық", - деді вице-министр.

Журналистер Қасымбекке Петропавл теміржол вокзалында "Қазақстан темір жолы" пойыздарына электронды билет басып шығаруға болатын мүмкіндік жоқ екенін айтты. Ол бұл мәселемен егжей-тегжейлі айналысуға уәде берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети