Қазақстан Оңтүстік Кореямен визасыз режим туралы келісімге қол қояды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Оңтүстік Кореямен визасыз режим туралы келісімге қол қояды ©Tengrinews иллюстрациясы

Астанада Оңтүстік Кореямен визасыз режим туралы келісімге қол қойылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волковқа сілтеме жасап.   

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Оңтүстік Кореямен визасыз режим туралы келісімге қол қойылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волковқа сілтеме жасап.   

"Сіздердің назарларыңызды мына құжатқа аудартқым келеді. Ол Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы Үкіметтері арасындағы өзара виза талаптарын алмасу туралы келісім болмақ. Бұл келісім жалпыазаматтық төлқұжаты бар Қазақстан мен Корея азаматтарына бір айға дейін бір-біріне визасыз сапарлауға мүмкіндік береді. Бұл туризмді, медицинаны, ғылыми технологияларды, студенттер алмасу және басқа да жайттарды дамытумен байланысты", - деді А.Волков.

А.Волковтың атап өтуінше, Корея Президенті Пак Кын Хенің елімізге мемлекеттік сапары аясында екі ел арасындағы 17 құжатқа қол қою жоспарланған. Оның үшеуі екі елдің мемлекет басшыларының қатысуымен рәсімделетін болады.

Айта кетейік, Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға сапары 19 маусымға жоспарланған. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети