17 қараша 2015 18:43

Қазақстан Президенті EXPO-2017 көрмесін өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 көрмесін өткізу кезінде қауіпсіздікті барынша қамтамасыз етуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев EXPO-2017 көрмесін өткізу кезінде қауіпсіздікті барынша қамтамасыз етуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Көрмедегі бұқаралық шаралар кезінде қандайда бір келеңсіздіктерге жол бермеу үшін алдын алу шараларын қабылдау қажет. Бұл шараларды бүгіннен бастап пысықтаған жөн. Арнаулы қызметтер мен құқық қорғау органдары қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз етуі тиіс. ІІМ, ҰҚК және "Сырбар" осы бағыттағы үйлесімді жұмысты жалғастыруға тиіс, елорданың және көрменің қауіпсіздігі осыған байланысты. Қауіпсіздік кеңесіне осы мәселені тұрақты бақылауда ұстауды тапсырамын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы көрме қонақтары мен келушілерге жақсы жағдай жасаудың маңыздылығына да тоқталып өтті. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев террорлық шабуылдардың барлық ел үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуге белгі болғанын айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети