Қазақстан Ресейден ірі қара мал кіргізуге уақытша шектеулер енгізді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Ресейден ірі қара мал кіргізуге уақытша шектеулер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Ресейден ірі қара мал кіргізуге уақытша шектеулер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, Ресей Федерациясының Ямало-Ненец округі аумағында сібір жарасының таралуы тіркелген.

"Бүгінде Ресей Федерациясының бұқаралық ақпараттар құралдарының мәліметінше,  округте 2,3 мыңнан астам жануар қырылған және онда қазіргі уақытта карантин енгізілген. "Сібір жараcы" ауруы адам арасында тіркеліп, 90-ға жуық адам ауруханаға жатқызылды. 20 азаматта "сібір жарасы" диагнозы ресми түрде расталды. Оған қоса, 12 жастағы жасөспірімнің сібір жарасынан көз жұмғаны мәлім болды", - деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводағылардың айтуынша, 3 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясынан ауыл шаруашылық жануарларды, жабайы жануарларды, осы жануарлардан алынған генетикалық материалдарын, шикізаты мен өнімдерін, мүйіз-тұяқ шикі затын (мүйіз, бұғы мүйізі, тұяқ), былғары шикізатын (жылқы, бұғы және жабайы жануарлар терісі) кіргізуіне уақытша шектеулер енгізді.

"Бұдан басқа Ресей Федерациясының аумағында (Астрахан облысы, Краснодар өлкесі, Ставрополь өлкесі, Қалмақ Республикасы, Ингуш Республикасы және Дағыстан Республикасы) нодулярлы дерматит ошақтарының тіркелуіне байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2016 жылғы 4 тамыздан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мүйізді ірі қара малы мен нодулярлы дерматитіне бейім басқа жануарларын, олардан алынған генетикалық материалдарын, олардың өнімін, сойылған мүйізді ірі қара малынан және басқа да нодулярлы дерматитіне бейім жануарларынан алынған өңделмеген тері шикізатын, ірі қара мал және басқа да нодулярлы дерматитіне бейім жануарларын асырау мен тасымалдауға арналған қолданыстағы болған құрал-жабдығын кіргізуіне және Қазақстан Республикасы аумағы бойынша транзитіне уақытша шектеулер енгізеді", - деп хабарлады  Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 504.72  course up  546.79  course up  5.9  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro