13 қыркүйек 2016 16:08

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы бекітілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы бекітілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов ‑ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов ‑ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев ‑ Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі;

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев ‑ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова ‑ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек ‑ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов ‑ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы ‑ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев ‑ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев ‑ Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, Кәрім Мәсімов ҚР ҰҚК төрағасы болып тағайындалды. Бақытжан Сағынтаев ҚР премьер-министрі болып тағайындалды. Асқар Мамин ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын. 

"Ұзаққа созбаймыз, жаңа министрлер мәселесін шешеміз. Айтарлықтай өзгерістер болмайды деп есептеймін, себебі үкімет өз жұмысын қиын кезеңде істеп жатыр, қойылған тапсырмаларды орындап жатыр. Барлығымыз жақсы жұмыс істеуіміз керек", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети