11 мамыр 2014 20:16

Қазақстан шетелден алкоголь өнімдерін тасымалдауға уақытша тыйым салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото vbglenobl.ru сайтынан алынды Фото vbglenobl.ru сайтынан алынды

Қазақстан алкоголь өнімдерін шеттен әкелуге және сатуға уақытша тыйым cалмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Тұтынушылардың құқығын қорғау агентігіне сілтеме жасап. 


Қазақстан алкоголь өнімдерін шеттен әкелуге және сатуға уақытша тыйым cалмақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Тұтынушылардың құқығын қорғау агентігіне сілтеме жасап. 

"Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі 2014 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанға шеттен алкоголь өнімін әкелуге тыйым салады" - делінген аталмыш ведмоства жіберген хабарламада.

Мұндай шараны агенттік Италия, Франция, Шотландия, Ресей және Беларусь елдерінен ішкі нарыққа алкоголь өнімдерінің көптеп енуіне байланысты және оларды тасымалдағанда түрлі заңсыздықтарға жол берілуіне қатысты, сондай-ақ Кедендік Одақ аясындағы техникалық талаптардың сақталмауына байланысты енгізіп отыр.

Бұған қоса баспасөз мәлімдемесінде, "өнімнің сыртқы хаттамасында жазылуы тиіс мәліметтердің толық жазыла бермейтіні,  18 жасқа толмаған жасөсіпірімдерге өнімді тұтынуға шектеудің бар екендігі айқын көрсетілмейтіні, өнімге қатысты қазақ тіліндегі ақпараттардың сауатты жазылмайтындығы да шеттен келетін алкоголь өнімдеріне уақытша тыйым салуға себеп болды" делінген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети