18 тамыз 2014 19:55

Қазақстан СІМ басшысы АСЕАН елдеріне барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото - Тұрар Қазанғапов © Фото - Тұрар Қазанғапов ©

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АСЕАН елдеріне барады деп хабарлайды сыртқы саясат ведомствасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АСЕАН елдеріне барады деп хабарлайды сыртқы саясат ведомствасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы жылдың 18 тамызында ҚР сыртқы істер министрлігінде СІМ басшысы Ерлан Ыдырысов Қазақстанда тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азия елдері (АСЕАН) қауымдастығына мүше-мемлекеттердің елшілерімен кездесті. Бұл шара Қазақстанның АСЕАН аясында өзара іс-қимыл жасау мәселелерін және алдағы Қазақстан сыртқы саясат ведомствасы басшысының  Вьетнам, Индонезия, Малайзия, Сингапур сынды Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапарын, Өркениеттер альянсының 6-форумына (Бали, Индонезия) және шағын аралдағы мемлекеттер (Апиа, Самоа) мәселесі бойынша БҰҰ саммитіне қатысуын пысықтауға арналды" делінеді баспасөз хабарламасында.

Бұл кездесуге Вьетнам Социалистік Республикасының елшісі Хоа Нгуен Ван, Индонезия Республикасының елшісі Фостер Гултом, Малайзия елшісі Хидайат Абдул Хамид қатысқанын баса айта кетелік.

ҚР СІМ басшысы алдағы сапары барысында өзі тоқтаған елдің сыртқы саясат ведомства басшыларымен саясат, сауда-саттық, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты әріптестік, сондай-ақ халықаралық ұйым аясындағы өзара іс-қимылын талқылайды. Сапарлап барған елдердің сыртқы саясат ведомстваларымен әріптестік бойынша меморандумға қол қою да жоспарланып отыр.

"Қазақстан АӨСШК-ні (СВМДА) құру бастамасышы ретінде АӨСШК мен АСЕАН араларында өзара ымыра мен келісім жөнінде меморандумға қол қою қажеттігін ұсынады. Бұл қауымдастыққа мүше мемлекеттердің бірқатары таяу болашақта мүше немесе бақылаушы ретінде  АӨСШК-ке енеді. Министр "Азия-Еуропа" форумының азиялық тобына, әсіресе Малайзия басшылық еткен АСЕАН тобының Қазақстанның АСЕМ-ге мүшелікке ұсынылған кандидатурасын қолдағаны үшін өзінің ризашылығын білдірді" делінеді хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети