04 желтоқсан 2014 | 19:56

Қазақстан телеарналарында тілдік тепе-теңдіктің сақталуына бақылау күшейтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация ©Тengrinews.kz Иллюстрация ©Тengrinews.kz

Қазақстанда телеарналарда тілдік тепе-теңдікті сақтауға бақылау күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда телеарналарда тілдік тепе-теңдікті сақтауға бақылау күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қазақстандық телеарналарда заңнамадағы тілдік талаптардың сақталуы мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Кеңеске орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері қатысты. Онда отандық телеарналардың эфиріндегі қазақ тілді хабарлардың үлесін арттыру бойынша іс-шаралар, сондай-ақ, тілдік тепе-теңдіктің сақталуына бақылауды күшейту мәселелері қаралды", - делінген хабарлама мәтінінде. 

Кеңес қорытындысы бойынша Бердібек Сапарбаев мемлекеттік органдарға тілдер туралы заңнаманың сақталмауына қатысты жауапкершілікке тарту бөлігі бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің нормаларын жетілдіру үшін ұсыныстар енгізу туралы бірқатар тиісті тапсырмалар берді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети