11 наурыз 2014 18:15

Қазақстан Украинадағы ахуалға ықпалды бітімші бола алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. ©Тengrinews.kz Иллюстрация. ©Тengrinews.kz

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Сұлтан Әкімбеков Tengrinews.kz-ке Нұрсұлтан Назарбаевтың Барак Обамамен, Владимир Путинмен және Ангела Меркельмен жүргізген келіссөздерінің маңызы жөнінде түсінік берді. "Президент Назарбаевтың Украинадағы жанжалға қатысы болып отырған жетекші мемлекет басшыларымен осыншама келіссөздер жүргізуі оның беделінің, елдің рөлінің қандай екенін көрсетеді. Біздің еліміз аса үлкен емес, дегенмен біздің саяси салмағымыз бұл жағдайда медиаторлық, делдалдық рөл атқаруға жеткілікті болып тұр", - дейді Әкімбеков. Сарапшының айтуынша, Қазақстан батыстағы серіктестерімен, Ресей Федерациясымен абсолютті тең қарым-қатынаста, сол себепті біздің елдің Украинадағы ахуалға қатысты ұстанымы бейтарап. Қазақстанға жанжалға қатысушылардың ешқайсысы қандай да бір кінә арта алмайды. "Біздің еліміздің бұл ситуацияда ықпалды бітімші болуға мүмкіндігі бар, бұл - жылдар бойы жалғасып келген көпвекторлы саясаттың нәтижесі. Біз күрделі жағдайда Қазақстанның жанжалға қатысушы емес, бірақ ол жерден делдал рөлін атқаруға болатын ыңғайлы орын табуына мүмкіндік беретін формуланы таптық", - деп есептейді Әкімбеков. Оның айтуынша, мұндай жағдай Иранның ядролық бағдарламасы туралы мәселе талқыланған кезде де болған еді. Ол кезде еліміз Иранмен де, батыс елдерімен де, араб әлемімен де арада ешқандай келіспеушілігі болмаған бірден-бір мемлекет саналдық. "Сол себепті, әрине, ықпалды дәнекердің мұндай позициясы, меніңше, өте тиімді. Мен егер біз бүгінде Ресей мен Батыс елдерін бөліп тастаған осал да, өткір мәселелерге ерекше көңіл аударар болсақ, бұл дұрыс болмас еді деп ойлаймын. Бастысы, біз украин жанжалында өз көзқарасымызды айқындадық. Біз елдің аумақтық тұтастығын, сонымен бірге, келіссөздер процесін қолдаймыз", - дейді сұхбат беруші. "Бір жағынан, билікті басып алған зорлықшыл әрекеттерді қолдамау керек екені даусыз, бірақ екінші жағынан, аумақтық тұтастықты бұзуға да болмайды. Біз әрқашан алтын аралықты ұстандық. Біздің ұстанымымыз - қолданыста бар ережелерді мейлінше басшылыққа алу. Мұндай консервативті көзқарас, менің ойымша, бұл жағдайда анағұрлым оңтайлы әрі өзін-өзі ақтайды", - дейді Әкімбеков. Сарапшы Украина төңірегіндегі ахуалды тығырыққа тірелген деп санайды, себебі жанжалға араласушы тараптар өз көзқарастарын берік ұстанып отыр, әрқайсысының өз шындығы бар. Әкімбековтің айтуынша, Украинадағы ахуалдың Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа қол қоюға қалай әсер ететіні жайлы айтуға әлі ерте, ол үшін сәуір айын күту керек, сәуірде Назарбаев, Путин және Лукашенко үшеуінің кезекті кездесуі жоспарлап отырғаны белгілі. Tengrinews.kz тілшісінің "егер Қырым Ресей субъектісіне айналса, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қарым-қатынасының өзгеруі мүмкін бе" деген сауалына Әкімбеков былай деп жауап берді: "Ешқалай өзгермейді. Бұл - біздің ойын емес, бұл - Ресей, Украина, Батыс арасындағы қарым-қатынас. Біз бұл жағдайда өз ұстанымын, соның ішінде, Украинаның аумақтық тұтастығы туралы айқын мәлімдеген сыртқы бақылаушы боламыз және жанжалды реттеуде ықпалды бітімші болуға дайынбыз. Әзірше Қазақстанға осы да жетіп жатыр. Еске сала кеткім келеді, біз Косовоның да, Абхазия мен Оңтүстік Осетияның да тәуелсіздігін мойындамаған болатынбыз", - дейді сарапшы. Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті АҚШ Президенті Барак Обамамен Украинадағы ахуалды талқылап, мәселені бейбіт жолмен шешуге мүдделі екенін білдірген болатын. Сонымен бірге, Назарбаев Владимир Путинмен және Ангела Меркельмен осы тақырыпта телефон арқылы әңгімелесті. Елбасы Ресей Президентімен болған әңгімеде "Қазақстанның стратегиялық серіктес ретінде Украинадағы аз ұлттар құқығын қорғаушы, сондай-ақ өзінің қауіпсіздігіне мүдделі Ресейдің ұстанымына түсіністікпен қарайтынын" айтқан болатын. Сонымен қатар ол мүдделі тараптардың байыптылық танытатынына және жағдайды келіссөздер жолымен тездетіп қалпына келтіретініне үміттенетінін білдірді. Қазақстан басшысы Украинадағы дағдарысты егемендікті сақтау негізінде және халықаралық құқық нормаларына сәйкес бейбіт жолмен реттеу қажеттігін де жеткізген еді. Ал Германия канцлерімен болған әңгімеде Нұрсұлтан Назарбаев "украин дағдарысын барлық мүдделі тараптар арасындағы диалог жолымен, аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету және ортақ қатер мен ультиматумдардан бас тарту үшін халықаралық бітімгершіліктің ықтимал тетіктерін пайдалана отырып, дипломатиялық тұрғыда реттеудің маңыздылығын" атап өтті. Ол "қажет болған жағдайда, Украинадағы ахуалды бейбіт түрде шешу үшін Қазақстанның ымыралы шешімдерді әзірлеуге үлес қосуға дайын" екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети