26 тамыз 2014 17:52

Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуге дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко. ©Ренат Ташқынбаев Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко. ©Ренат Ташқынбаев

Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуге дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz-тің арнайы тілшісі Беларусьтен.


Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуге дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz-тің арнайы тілшісі Беларусьтен.

"Қазақстан Украинаның оңтүстік-шығысына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын. Мен бүкіл Украинаға, Украина экономикасына көмектесу қажет деп ойлаймын", - деді Назарбаев Петр Порошенкомен кездесуінде.

"Егер гуманитарлық керуен болатын болса, біз оған Қызыл крестті жұимылдыруға дайынбыз. Біз өз тарапымыздан осындай көмек көрсетуге, қажет болса, айтарлықтай көмек беруге дайынбыз", - деді Президент Минскідегі екіжақты кездесу барысында.

Ол Украинадағы жанжалдың бейтін шешімі табылатынына үміт білдірді. "Егер осылай жалғаса беретін болса, бұл үлкен ғаламдық қақтығысқа ұласуы мүмкін. Сондықтан біздің ұстанымымыз, менің жеке ұстанымым - табысу нүктесін тауып, соғысты тоқтату, бәрін қалпына келтіруді бастау", - деді Назарбаев.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети