14 тамыз 2023 14:10

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап тәрбиешілер жалақысы көтеріледі

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда 97 мың тәрбиеші 30 пайызға жоғары жалақы алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


1 қыркүйектен бастап Қазақстанда 97 мың тәрбиеші 30 пайызға жоғары жалақы алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, жыл басынан бері тәрбиешілер жалақысы 2,5 есеге өседі. Осылайша, мамандыққа мүмкіндігінше жаңа мамандарды тарту жоспарланған. Бүгінде "Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты мен мамандығы бойынша оқыту Қазақстанның 39 жоғары оқу орны мен 119 колледжінде жүргізіліп жатыр.

Колледждер мектепке дейінгі ұйымдармен бірлесіп, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, "Мұғалім" кәсіптік стандарты негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейді, оқу бағдарламасы мен жоспарларын өз бетінше жаңартады. Биыл барлығы 20 мыңнан аса мектепке дейінгі тәрбиешілер біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.96   490.7   4.97 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети