27 ақпан 2015 10:36

Қазақстанда 1 мемлекеттік қызметкерге 170 азаматтан келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет кадрларына мониторинг жүргізді. Агенттіктің мәліметінше, бір мемлекеттік қызметкерге 170-ке жуық азаматтан келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет кадрларына мониторинг жүргізді. Агенттіктің мәліметінше, бір мемлекеттік қызметкерге 170-ке жуық азаматтан келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік қызметкерлердің экономикалық тұрғыдан белсенді халықпен салыстырмалы талдауы Қазақстанда 1,1 пайызға тең екенін көрсетті. Сонымен қатар, бір мемлекеттік қызметкерге 171,6 азаматтан келетіні белгілі болды", - делінген хабарламада. 

Агенттіктің мәліметінше, халықаралық стандарттар мен шетелдік сарапшылар бағасына сәйкес, салыстырудың нәтижесінде Қазақстанда мемлекеттік кешенді аппарат құрылды. 

2015 жылдың 1 қаңтар күнгі жағдай бойынша, мемлекеттік қызметкерлердің штаттық саны 99 318-ге тең (саясатта - 406, "А" корпусы - 513, "Б" корпусы - 98 399). Қазақстанда мемлекеттік қызметте гендерлік баланс сақталған: олардың 54,2 пайызы - әйелдер, ал 45,8 пайызы - ерлер. Әйелдердің үлесі Еуропаның орташа көрсеткішінен 3,5 пайызға жоғары. 

Мемлекеттік қызметтегілердің 90 пайызға жуығында жоғары білім бар. Салыстырмалы түрде алатын болсақ: АҚШ, Австралия, Канада сияқты дамыған елдерде мемлекеттік қызметтің кіші лауазымына ие болу үшін жоғары білім талап етілмейді.

Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлердің орташа жасы - 39. Мемлекеттік қызметкерлердің жалпы санының 31 пайызы - 30-40 жас аралығындағылар. 30 жасқа дейінгілер - 25 пайыз, 40-50 жас - 22 пайыз. 50 жастан жоғары - 22 пайыз. Мемлекеттік қызметте 5 жылға дейін жұмыс істегендердің саны - 30 пайыз, 5-тен 10 жылға дейін тәжірибесі барлар - 24 пайыз, ал 10 жылдан жоғары - 46 пайыз.

"Өткен жылы оңтайландыру шаралары жүргізілген мемлекеттік органдардың кадрына жүргізілген мониторинг жақсы нәтиже көрсетті. Мысалы, орталық мемлекеттік органдарда бірінші басшылардың саны оңтайландырылған (17 министрден, 8 агенттік төрағасы және Президентке есеп беруге міндетті мемлекеттік органның 8 басшысы (Мемлекеттік кәсіпорын, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық банк, Сырбар, Президенттік күзет қызметі, Ұлттық гвардия, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі) 12 министр мен Елбасына есеп беруге міндетті мемлекеттік органның 6 басшысы қалды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жауапты хатшылардың саны екі есеге қысқарды (20-дан 10-ға дейін). Ал комитеттер 27 пайызға азайды (48-ден 35-ке дейін).

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети