23 ақпан 2015 15:24

Қазақстанда 1 миллионнан аса адам зейнетақы төлеу орталығы жоқ жерде тұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Тengrinews.kz мұрағатынан Фото Тengrinews.kz мұрағатынан

Қазақстанда 1 миллион 191 мың 800 адам халыққа қызмет көрсететін және зейнетақы төлейтін мемлекеттік орталықтың бөлімшелері жоқ ауылдық елді мекендерде тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл - халықтың 15,4 пайызы.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мамыр айынан бастап аудан орталықтарынан алыс елді мекендерде тұратын азаматтар үшін "Қазпошта" акционерлік қоғамы және мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға, сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің мүгедектікті белгілеуіне құжаттарды қабылдайды.

"Қазіргі уақытта ел тұрғындарының 15,4 пайызы Халыққа қызмет көрсету орталықтары және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшелері жоқ ауылдық елді мекендерде тұрады. Азаматтарға қызметтер көрсету (құжаттарды қабылдау және есеп-шот ашу) олардың тұратын жерлеріне барып көрсетіліп, жайлылық пен оңайлатылған тәртіпті қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметке кететін шығын мен уақытты үнемейді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 17 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Тамара Дүйсенова министрлік мамандарының денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға күш салатынын мәлімдеген болатын.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.81   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети