03 маусым 2020 12:17

Қазақстанда 47 градусқа дейін ыстық болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

3-4 маусымда Қазақстанның жеті өңірінде ауа температурасы жоғарылайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


3-4 маусымда Қазақстанның жеті өңірінде ауа температурасы жоғарылайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖК мәліметінше, алдағы күндері Атырау облысында күн ысып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі.

Ал Қызылорда облысында ауа температурасы 47 градусқа дейін жоғарылайды деп болжанып отыр. Кей аумақта желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

3-5 маусымда Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Алматы облыстарында да күн ыстық болатыны айтылады: 35-38 градус, кей аумақта 40-42 градус ыстық болады деген болжам бар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети