05 наурыз 2014 15:29

Қазақстанда 8 наурызда қар жауып, күн суытады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Ауа-райын бақылаушы мамандар 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні Қазақстанда қандай ауа-райы болатынын айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. "8 наурызда мереке күні өкінішке қарай, қар жауады және температура төмендейді", - деп хабарлады метеоролог мамандар. Олардың мәліметінше, жақын күндері антициклонның орнына Ресейдің Еуропа аумағының солтүстігінде қалыптасқан циклон келеді. "Осы циклон және онымен байланысты алдымен жылы, сонан соң суық атмосфералық фронттар республиканың солтүстік бөлігіндегі ауа-райын анықтайтын болады", - деді ауа-райын болжаушы мамандар. Осыған байланысты еліміздің солтүстігінде қар, бұрқасын, жел тұрып, температура төмендейді деп күтілуде. "Ал Қазақстанның оңтүстік бөлігінде Каспийде қалыптасқан және жылу мен ылғалдың айтарлықтай қоры бар циклон ықпалын көрсететін болады. Сондықтан оңтүстік облыстарда жауын-шашын, жаңбыр, қар жауады, кей жерлерде тұман және көктайғақ күтілуде", - деп хабарлайды "Казгидромет" РМК. Бұдан бұрын да ауа-райын болжаушы мамандар наурыз айында Қазақстанда ауа-райы суық болады деп хабарлаған болатын. Осы айдың соңында ғана күн жылынады деп күтілуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети