04 маусым 2014 17:48

Қазақстанда АЭС құрылысы 2018 жылы басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы 2018 жылы басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев айтты.


Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы 2018 жылы басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев айтты.

Бұған дейін АЭС құрылысы үшін Курчатов қаласы таңдалғаны хабарланған болатын. Сонымен бірге, Балқаш көліне жақын аумақ та қарастырылып отыр. "Біз аталған аудандарда АЭС салу мүмкіндігі туралы айтып отырмыз. Нақты алаңды, бұл аудандардың қай жерінде болатынын анықтау - енді-енді басталып жатқан үлкен жұмыс", - деді вице-министр "атом энергиясын бейбіт мақсатта қолдану саласындағы қазақстан-жапон ғылыми-техникалық ынтымақтастығының 20 жылдығы" тақырыбындағы семинар барысындағы брифингте.

Жақсалиевтің сөзіне қарағанда, өткен аптада Қазақстанда Ресейдің қатысуымен АЭС салу, атап айтқанда Курчатовтағы құрылыс туралы алғашқы меморандумдарға қол қойылды. "Әзірше бұл тек алғашқы қадамдар ғана, іс-шаралардың нақты жоспары тиісінше ҚР қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жасалып, әрине, халықтың кең талқысына салынады", - деп түсіндірді шенеунік. Ол электр станциясынан алғашқы қуат шамамен 2023-2024 жылдары алынатынын атап өтті.

"Қолайлы жағдай жасалып жатса, 2018 жылдың шамасында біз Қазақстандағы АЭС құрылысына кірісе аламыз", - деді Жақсалиев. 

Қазақстанда АЭС құрылысын салу туралы келісімшартқа "Қазатомөнеркәсіп" пен "Росатом" өкілдері 29 мамыр күні Астанада қол қойған болатын. Атом электр станциясының жобаланып отырған қуаты - 300-ден 1200 мегаватқа дейін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети