29 мамыр 2014 18:27

Қазақстанда АЭС салу туралы келісімге Астанада қол қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

"Қазатомпром" мен "Росатом" бірлесіп, күші 300-ден 1200 мегаватқа дейін жететін АЭС құрылысын бастайды. Өйткені бүгін Астанада өткен Еуразиялық экономикалық одақ кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен РФ Президенті В.Путин екіжақты түсіністік туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

АЭС Шығыс Қазақстан облысына қарасты Курчатов қаласында салынады. "Росатом" жетекшісі Сергей Кириенконың айтуынша, реактордың нақты техникалық мүмкіндіктері жарты жыл анықталады. Мұнан кейінгі бір жыл бедерінде АЭС-тің құжаты дайындалады. Оның мәліметтеріне сүйенсек, мұндай күші 1 000 мегаваттық блокқа орташа есеппен 5 миллиард доллар жұмсалады. 

Естеріңізге саламыз, АЭС салуға Қазақстандағы Курчатов қаласы таңдалуының себебі Шығыс Қазақстаннан Ресейге электр энергиясын тасмалдау оңай. Қазақстандағы АЭС құрылысы 2025 жылы бітеді деп жоспарланған. Сондай-ақ, осы кездесу барысында тараптар осыған дейін шешімін таппай келген Оңтүстік Қазақстан облысындағы "Харасан-1", "Ақдала", "Оңтүстік Никай" уранкеніштерінің мәселелерін шешті. Бұл құжат мерзімдік және жауапкершілік мәселелерін біріздендіріп, 2014 жылдың 28 қазанына дейін толықтырылып бітуге тиіс.  Мұнымен қоса, "Қазатомпром" мен "Росатом" облыстағы балама энергетика мен сирек кездесетін металл өндірісін бірлесе өндіру туралы өтінішке де қол қойды. Естеріңізде болса, екі ел 2013 жылы 4545 тонна уранды бірлесе  өндірді. 2014 жылға қарай бұл өндірісті 6 мың тоннаға жеткізу жоспарланған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети