23 тамыз 2022 12:01

Қазақстанда ақбөкендерді спорттық мақсатта аулауға рұқсат етілуі мүмкін

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ақбөкендердің санына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ақбөкендердің санына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген министр, Қазақстандағы ақбөкен санының шамадан тыс өсуіне қатысты әлі нақты шешім қабылданбағанын айтты.

"Халық жолдаған ұсыныстарды қарастырып жатырмыз. Яғни, ақбөкендерді басқа аймақтарға мәжбүрлеп көшіру мәселесі. Көбісі басқа облыстарға көшірейік деді. Бірақ, өкінішке орай, ғылыми қоғамдастық бұл шешімді тиімсіз және рұқсат етілмеген әдіс деп таныды", - деді министр.

Брекешевтің айтуынша, халық жіберген ұсыныс арасында қасқырлар санын көбейту туралы ұсыныс болған, бірақ бұл ақбөкендер санының азаюына көмектеспейді.

Сонымен қатар, министр 2023 жылға қарай спорттық-әуесқойлық аң аулауды ұйымдастыру мәселесі қарастырып жатқанын айтты.

"Бұл ақылы болады. Бұған дейін ақбөкен Қызыл кітапқа енбегені айтылған болатын. 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін аң аулауға тыйым салынды. Ал бұл мәселе қарастырылып жатыр. Қазан айының соңына дейін бір шешімге келеміз", - деп қорытындылады Брекешев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети