30 сәуір 2015 12:02

Қазақстанда алдағы мереке күндерінің ауа райына болжам жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tsn.ua © tsn.ua

Қазақстанда алдағы мереке күндерінің ауа райына болжам жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 1-3 мамырға арналған ауа райы болжамын жария етті.


Қазақстанда алдағы мереке күндерінің ауа райына болжам жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 1-3 мамырға арналған ауа райы болжамын жария етті.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанда бұл күндері жылы әрі жауын-шашынсыз болады, тек батыс пен оңтүстіктің шет аймақтарында өткінші жауын жауады.

"Қазақстандағы ауқымды антициклон республиканың барлық аумағы бойынша жылы әрі алабұлтты ауа райын сақтап тұрады. Тек олардың қатарында батыстағы облыстар мен оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтар жоқ. Дегенмен бұл жерлерде мереке
күндері өткінші жауын жауса да, күн жылы болады. Күндізгі ауа температурасы 20-28 градусқа дейін көтеріледі, бұл климаттық нормадан 3-8 градусқа жоғары", - деп хабарлады синоптиктер.

Айта кетейік, қазақстандықтар мамыр айында 13 күн демалады. 1 мамырда - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамырда - Отан қорғаушылар күні және 9 мамырда Жеңіс күні. Жеңіс мерейтойы осы жылы демалыс күніне түседі, сондықтан Қазақстан заңнамасына сәйкес, 9, 10 күндерден бөлек, 11 күні - дүйсенбі демалыс саналады.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети