10 тамыз 2015 11:56

Қазақстанда балалар порносын қараушыларға бақылау қою ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Кaluga24.tv © Кaluga24.tv

Қазақстанның Бас прокуратурасы педофилдермен және зорлықшылармен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Бас прокуратурасы педофилдермен және зорлықшылармен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құзырлы органның ресми сайтында Бас прокуратураның екінші департаментінің аға прокуроры Лейла Асанованың мақаласы жарияланды. Онда жыныстық қатынасқа қатысты қылмыстың жауапкершілігін күшейту айтылған, сонымен қатар ұсыныстар тасталды.

"(...) Мемлекеттік органның уәкілеттігімен жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жөнінде арнайы бөлімше ашу ұсынылды", - деп жазылған мәтінде.

Сонымен қатар, жыныстық тиіспеушілік жөнінде бұрын істі болған адамдарға әкімшілік бақылау енгізіп, елді мекендерде азаматтарға кәмелеттік жасқа толмағандарды зорлау бойынша істі болғандардың тұратын жері туралы мәлімдеу ұсынылды.

Бас прокуратура балалар порнографиясы бар интернет беттеріне жиі кіретіндерді табу әдісін де жетілдіру керектігін хабарлады.

"Бұл іс бойынша жәбірленушілерден түсінікті тергеушілер емес, психологтар немесе олардың қатысуымен алу ұсынылды. Бұл кәмелеттік жасқа толмағандардың жауап алу кезінде психотравмалық жараланбауына көмектеседі", - деп жазылған Бас прокуратура хабарламасында.

Құзырлы орган заңды өзгертуді, яғни кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты мұндай қылмыс жасағандарға жәбірленуші тараппен ымыраға келуді алып тастауды ұсынды.

Сонымен қатар, прокуратура мұндай қылмысқа барғандарды психикасының потологиясын анықтау үшін психологиялық-психиатриялық сараптамадан өткізу керек деп есептейді.

Бас прокуратура химиялық кастрациялау жазасын енгізуді де қолдап отыр.

"Алдын алу шарасы ретінде кастрацияны қолданысқа енгізу мүмкіндігін де қарауға болады", - деп жазылған мәтінде.

Ведомство мұндай шаралар жүйесі жыныстық тиіспеушілік қылмысына қарсы жағдайды жақсартатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, Бас прокуратура еліміздегі педофилия мен зорлаудың көбеюінің де басты себептерін анықтады.

Олардың қатарында: отбасы институтының әлсіреуі, моральді-өнегелі деңгейдің төмендеуі, порнографияны насихаттайтын нтернет сайттарының кері әсері, қылмысқа бару кезінде мас болу бар.

Бас прокуратура кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты мұндай қылмыстың көбеюіне алаңдаулы. Олардың саны 2010 жылдан бері екі есеге өсті, 2014 жылы 943-ке жетті (2010 жылы 491).

Биыл 6 ай ішінде мұндай қылмыстың 700-ден астам түрі тіркелген. Бұл былтырға қарағанда 50 пайызға жоғары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети