27 мамыр 2014 17:35

Қазақстанда бір шақырым газ құбырын тартуға 2 миллион доллар кетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұзақбай Қарабалин. ©ortcom.kz Ұзақбай Қарабалин. ©ortcom.kz

Қазақстанның барлық аймақтарына газ қашан тартылады? Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалинге сілтеме жасап.


Қазақстанның барлық аймақтарына газ қашан тартылады? Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалинге сілтеме жасап.

Оның ойынша, бүгінде газсыз отырған аймақ тұрғындары қиналып отыр деуге болмайды. "Себебі бізде солтүстік, орталық пен шығыс аймақтарда көмір көп. Сондықтан электр энергия да көптеп шығарылады. Міне, қазір Әсет Өрентайұлы (индустрия және жаңа технологиялар министрі - авт.) солтүстік пен оңтүстік арасындағы энергетикалық тепе-теңдікті құру бойынша жұмыс жасап жатыр. Сондықтан мен еліміздегі газдандыру мәселесі сондай драмаға айналды деп айта алмаймын", - деді министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Алайда ол газдың арқасында халықтың өмірін біршама жеңілдетуге болатынын мойындады. Аймақтардың экологиялық жағдайы да жақсарады. "Бүгінде біз Қазақстанның газ саласын дамыту тұжырымдамасын даярлап жатырмыз. Онда ел аймақтарын газдандыру мәселесі толыққанды көрсетіледі. Бәлкім, жылдың соңында біз ол сұраққа нақты жауап берерміз. Ал, шын мәнінде, газдандыру жағынан бірқатар мәселелер бар. Себебі бізде бір-бірінен алыс орналасқан елді мекендер көп. Мәселен, бір шақырым газ құбырын тартуға 2 миллион доллардан астам ақша кетеді. Бізде облыс орталықтарының өзі бір-бірінен 500-600 шақырым шалғай орналасқан. Оған қыруар қаржы қажет. Ондай жобалардың басым бөлігі ақталмай жатады", - дейді Ұ.Қарабалин.

Алайда бүгінде ел қазынасынан 15-17 миллиард теңге газдандыру жұмыстарына бөлінеді. Жыл өткен сайын ол қаржының көлемі артып келеді. Министрдің сөзіне қарағанда, 2018 жылға дейін Қазақстан халқын газбен қамту көрсеткішін 62 пайызға жеткізу көзделіп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети