07 сәуір 2015 16:46

Қазақстанда бірқатар құрылыс компаниясына қатысты тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Тұрар Қазанғапов @Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бірқатар құрылыс компаниясы пәтермен бірге автотұрақты сатып алу және басқа да қосымша талаптар қою арқылы тұтынушылардың құқығын бұзып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай пікір ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде айтылды.


Қазақстанның бірқатар құрылыс компаниясы пәтермен бірге автотұрақты сатып алу және басқа да қосымша талаптар қою арқылы тұтынушылардың құқығын бұзып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай пікір ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде айтылды.

Ведомство қазақстандықтарды жылжымайтын мүлікке қатысты келісімшарт жасасқан кезде мұқият болуға шақырды. "Тұтынушылардың үй сатып алған кезде құқықтарын білмеуі құрылыс компаниялары тарапынан монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол береді", - делінген хабарламада.

"Монополияға қарсы органның атына Астана қаласының тұрғындарының бірінен шағым келіп түсті, оны қарау барасында ірі құрылыс компаниялары тарапынан заң бұзушылықтар жасалғаны анықталды. Компания басшылығы тұтынушыға пәтермен бірге автотұрақты сатып алу, сондай-ақ, ПМК-мен міндетті түрде шарттар жасасу, коммуналдық қызметтерді 3-4 айға алдын ала төлеу түрінде қосымша талаптар қойған", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, "Бәсекелестік туралы" ҚР Заңының 16-бабында көзделген - тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасайтын бәсекелестікке, оның ішінде мәжбүрлі ассортиментпен тауар өткізуге тыйым салады. Заң бұзу белгілерін ескере отырып, ҚР ҰЭМ-нің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті құрылыс компанияларына қатысты тергеу жүргізуді бастады.

Еске салайық, осыған дейін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан ықылассыз үй салушыларға әсер етуін сұрағаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, әкім ықылассыз үй салушылардың тізімін жариялады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети