22 тамыз 2022 13:03

Қазақстанда дизель отынына дифтариф енгізілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне байланысты дизель отынына сараланған бағалар енгізілді. Энергетика министрлігі бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне байланысты дизель отынына сараланған бағалар енгізілді. Энергетика министрлігі бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұйрыққа сәйкес мынадай маркалы бензин бағасы бұрынғы деңгейде қалады: Аи-80 - 89 теңге.

Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин бағасы:

  • Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында литріне 187 теңге,
  • Қазақстанның басқа облыстарында литріне 182 теңге.

Дизель отынының бағасы литріне 450 теңге болады.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Абай облыстарында:

  • Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде - 1 литр үшін 260 теңге;
  • жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға Қазақстан Республикасында берілген көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде - 1 литр үшін 260 теңге.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар,  Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында:

  • Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде - 1 литр үшін 230 теңге;
  • жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға Қазақстан Республикасында берілген көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде - 1 литр үшін 230 теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Повод

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети