20 тамыз 2014 16:31

Қазақстанда есірткі сатып алу қиындай түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©colady.ru ©colady.ru

Қазақстанда есірткіге тәуелді адамдардың ондай заттарды сатып алуы қиындай түсті. Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы директоры, елдің бас наркологы Алтынай Есқалиеваның айтуынша, бұл барлық мемлекеттік органдардың есірткіге қарсы күрес жөніндегі жұмыстарының жүйеге келтірілгенін көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде есірткіге тәуелді адамдар өзінің қолдануы үшін есірткі заттарын сатып алуға мүмкіндік жоқ екенін түсініп, психобелсенді заттарды араластыра қолдануға көшіп жатыр: ол - алкогольді көп көлемде қолдану, денсаулық сақтау жүйесінде бақылауға алынған дәрі-дәрмекті қолдану. Бірақ соған қарамастан бүгінде нашақорлардың есірткіге қолжетімділігінің азайғаны байқалып отыр", - деді Есқалиева.

Оның айтуынша, нашақорлардың есебінде тұрған адамдар санының азаюы және есірткі қолданушылардың есірткі сатып алу мүмкіндіктерінің азайып кеткенін айтуы есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі құрылымдар жұмысының, сондай-ақ, ведомствоаралық және мемлекетаралық өзара әрекет етулердің тиісті деңгейге қойылғанын айғақтайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети