13 ақпан 2018 14:42

Қазақстанда ипотеканы арзандату жоспарланып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асырудың механизмін қайта қарау бойынша жоспарларды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асырудың механизмін қайта қарау бойынша жоспарларды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының 2018 жылғы Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында сәулет, қала құрылысы және құрылыс облыстарында мемлекеттік нормативтерді жетілдіру бойынша жұмыстарды бастадық. Сондай-ақ, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесі бойынша ипотекалық несиелеуді арзандатуды қарастырып жатырмыз", - деді Жеңіс Қасымбек үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, биыл коммерциялық банктер құрылысшыларға 125 миллиард теңге көлемінде қаражаттандырылған кредит бөлді. Ал ипотекаға 105 миллиард теңге бөлінген.

"Банк секторын жандандыру арқылы жыл сайынғы несие көлемі 350 миллиард теңгеге жетеді, ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі салымшылардың үлесі 12 пайызға өседі. Қабылданған шаралардың арқасында пайдалануға берілетін тұрғын үй саны 2018 жылы былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 6-8 пайызға өседі деп күтеміз", - деді инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша баспаналы болғысы келетіндерге кеңес.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети